close
compare_arrows0

Компания туралы

 

 

Біздің сервистік қызметіміз жетекші маркалардың аналитикалық және зертханалық жабдықтарына білікті диагностика мен жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Біздің кәсіпорын жалпы зертханалық жабдықты пайдаланатын ұйымдардың қаржысын үнемдеу мақсатында құрылған. Үнемдеу аспаптар мен жабдықтардың жұмысқа жарамдылығын сақтау және қалпына келтіру арқылы қамтамасыз етіледі. Біз жаңа жабдық сатып алуға өте көп қаражат жұмсаудан гөрі, жабдыққа ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛАУ арзанырақ әрі тиімдірек екеніне сенімдіміз!

Біз жылдам жұмыс істейміз

Біздің кәсіпорынның басшысы әрқашан тапсырыс берушінің сұраныстары мен мүмкіндіктеріне барынша сәйкес келетін шарт нұсқаларының бірін ұсынуға дайын. Зертханалық жабдыққа және зертханалық аспаптарға сервистік қызмет көрсету саласында мол тәжірибесі бар инженерлер, AGILENT, METTLER TOLEDO, WATERS, ERWEKA, SHIMADZU, PERKIN ELMER, SARTORIUS және басқа да жетекші әлемдік өндірушілердің техникасына ұзақ жылдар бойы қызмет көрсеткендіктен, ақауларды оңай әрі нәтижелі түрде жоя алады.

Бізде жай ғана «модульдік ауыстыру» емес

Біздің сервистік орталықтың міндеті – Қазақстан аумағындағы әртүрлі зертханалық жабдыққа сапалы және жедел жөндеу іс-шараларын қамтамасыз ету. Біздің сервис орталығымыз өндіруші компаниялар белгілеген талаптарға толық сәйкес келетін заманауи және қолайлы құрал-саймандармен, әртүрлі технологиялық жабдықтармен және жарақтармен, өлшеу құралдарымен және қосалқы құрылғылармен жабдықталған.

Біз «соңына дейін» жөндейміз

Жоғары сапалы жөндеу жұмыстарын өндіруші зауыттармен тығыз ынтымақтастықсыз жүзеге асыру мүмкін емес, сондықтан біз жөндеу кезінде әрқашан түпнұсқа қосалқы бөлшектерді және шығыс материалдарын қолданамыз.

Біз клиенттің қаржысын ойлаймыз

Барлық жұмыстар тапсырыс берушінің жабдықты жөндеуге жұмсайтын шығындарын мүмкін болғанша азайту мақсатында орындалады, және, әдетте, жөндеу құны ең алдымен түпнұсқа қосалқы бөлшектердің құнымен айқындалады, ал оларды орнатуға кететін еңбек шығындары кейінгі кезекте ескеріледі.